«Самар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ
1) ауданның әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу;
2) ауданның аумағын дамыту Бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асырылуын мониторингілеу;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік өтінімдерінің жобаларын қарау;
4) заңнамада белгіленген құзыретінің шегінде аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын (өзгерістер мен толықтырулар) қарау;
5) аудандық бюджет комиссиясы жұмыс органының функциясын жүзеге асыру;
6) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке алып, бюджет түсімдерін болжау;
7) аудан бюджетін бекіту және нақтылау туралы аудандық мәслихат шешімдерін жүзеге асыру туралы аудандық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;
8) аудандық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне талдауды жүзеге асыру;
9) бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық мақсатқа сай екендігін анықтауға бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау, экономика саласын дамытуға басымды жобаның мақсаттарының сәйкестігі, олар бойынша қорытынды шығару және бюджеттік комиссия қарауына бағыттау;
10) бюджеттік комиссиялар мақұлдаған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға және республикалық бюджеттен дамытуға нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу;
11) «Самар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша актілердің жобаларын әзірлеу.