"Абай облысы Мақаншы ауданының экономика және қаржы бөлімі"
Жалпы ақпарат
"Абай облысы Мақаншы ауданының экономика және қаржы бөлімі" жергілікті мемлекеттік басқарудың өзінің құзыретіне жататын жекеленген функцияларын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.