«Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-і
Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарымен тығыз байланыстыра отырып, фискалдық, бюджеттік және инсвестициялық саясатты, экономикалық секторларда мемлекеттік активтерді басқару саясатын қалыптастырады, қаржы жылына сәйкес және үш жылдық мерзімге қойылған әлеуметтік- экономикалық даму мақсаттарына сәйкес аудан бойынша стратегиялық, экономикалық қысқа мерзімді бюджеттік жоспарлауды жүргізеді, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының орта мерзімді даму жоспарын әзірлейді, бюджеттік процесін ұйымдастырады, бюджетке өзгертулер мен толықтыруыларды енгізу жөнінде ұсыныс жасайды. Ауданның инновациялық және индустриалдық дамуы бойынша мемлекеттік саясаттын жүзеге асырады, жоғары технологиялық қайта өндеуді енгізу және табиғи ресурстарды тиімді қолдану үшін жағдай туғызады, аудан экономикасы салаларының дамуына несие және инвестициялар тартуға жәрдемдеседі, аудан ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандарт бірлік өлшемін енгізеді, шағын кәсіпкерлікті қолдану және дамыту үшін, бәсекеге қабілетті туризм индустриясының дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізеді. Аудан көлемінде бірінғай мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асырады, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында өз құзырлығы шегінде қаржыны басқарады, кіріс пен шығыстарды экономикалық тұрғыдан жоспарлау негізінде тиісті қаржы жылына аудандық бюджет жобасын даярлайды, аудандық мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы шешімдерінің жобасын және оны жүзеге асыру жөніндегі аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлейді, аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне баға береді және қаржыға басшылық жасайды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, ауданның коммуналдық меншігін басқарады.