«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
1.Жалпы ережелер
2.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiбюджеттiк жоспарлау, бюджеттiатқару, бухгалтерлiк есептi жүргiзу, бюджеттiк есептi және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
3.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiөзқызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына жәнезаңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiмен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағызаңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрiмен мөртаңбалары,белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiазаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, егер Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес осығануәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
8.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынауданы, 1-ғимарат.
10.Мемлекеттiк органныңтолық атауы — «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
11.Осы Ереже «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiңфункциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егерде, «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2.Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: бюджеттiк жоспарлау және орындау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.
14.Мiндеттерi:
1) бюджеттi жоспарлау және орындау процесiн үйлестiрудi ұйымдастыру;
2) қалалық бюджеттi орындау жөнiнде бухгалтерлiк есеп, бюджеттiк есептi жүргiзу және бюджеттiк есептiлiктi құру.
15.Функциялары:
1) жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуына мониторингтi және бағалауды жүргiзу;
2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстар лимиттерiн, жаңа бастамалардың лимиттерiн белгiлеу;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа қарау үшiн қала бюджетiнiң жобасын ұсыну;
4) заңнамамен белгiленген тәртiпте жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулысының жобасын дайындау;
5) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжамдау;
6) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарлама жобаларын қарау, бюджеттiк өтiнiмдер және бюджеттiк бағдарлама жобалары бойынша қорытынды жасау, және оларды бюджеттiк комиссиясының қарауына жолдау;
7) бюджеттiк комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
8) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергiлiктi бюджеттер бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу;
9) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
10) қалалық бюджеттен қаржыландырылатынмемлекеттiк органдардың бюджеттiк қаражаттардытиiмдi басқарудың жыл сайынғы бағалауынжүзеге асыру;
11) артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке алуды жүргiзу және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу сомаларының, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыру;
12) ауылдық елдi-мекендерге тұруға және жұмыс iстеу үшiн келген мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13)заңнамамен қарастырылған шарттарда табиғи және техногендiк сипаттамадағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау туралы ұсыныстарды енгiзу;
14) заңнамамен белгiленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлiкке ақшалай өтем төлеу;
15) заңнамамен белгiленген жағдайларда жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесеөзге де жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған кезде өтем төлеу;
16) жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыру үшiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына трансферттердi аудару;
17) Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң 124, 125 — баптарына сәйкес бюджеттiк есеп берудi жасау және ұсыну, Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң 118, 120 — баптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылай есеп берудi жасау және ұсыну;
18) ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16.Құқықтары мен мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырыпөз құзыретi шегiнде «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мiндеттелген функциялардыатқару үшiн мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан және өзге де ұйымдардан тиiстi ақпаратты сұрау және алу;
2) өзiнiң құзыретi шегiнде қалалық бағдарламалар, бюджеттiк бағдарламалар және өзге де құжаттарды әзiрлеу үшiн ведомствоаралық топтарды құру туралы ұсыныстар енгiзу;
3) бюджеттiк өтiнiмдердi оның ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және даму бюджеттiк бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстар лимитiне алдағы үш жыл кезеңiне қалалық бюджет қаражаттарын бастапқы шығыстау бағыттарының тарапына сәйкес қарау және келiсу;
4) бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгiн және мақсатқа лайықтылығын бағалау;
5) жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджетiн орындау жөнiнде нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарының сақталуын, жергiлiктi бюджеттен берiлген бюджеттiк қаражаттарды, оның iшiнде несиелердi нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
6) өзiнiң құзыретi шегiнде ақшалай қаражаттарды өтеп алуды (қайтаруды) жүргiзу, ұйымдарды олардың бюджеттiк қаражаттарды заңсыз және лайықсыз пайдалану жағдайында қалалық бюджеттен қаржыландыруды шектеу немесе тоқтату;
7) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылай есеп беруiн бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да мiндеттердi орындау.
3.Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өзфункцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
18.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы заңнамамен белгiленген тәртiпте Степногорск қаласы әкiмiнiң өкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншiбасшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
20.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiңбiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыскерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiктерiнбелгiлейдi;
3) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi жүзеге асырады,«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiжұмыскерлерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
4) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiңжұмыскерлерiн көтермелеу және марапаттау мәселелерiн шешедi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
5) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
6) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң орындалуы үшiн мiндеттi тапсырмаларды бередi;
7) жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық кестесiн және оның құрылымын бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi;
9) заңнамамен белгiленген тәртiпте«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiңмүдделерiнұсыну үшiн бөлiм жұмыскерлерiне сенiмхат бередi;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшiндербес жауапкершiлiктiартады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оныалмастыратын тұлға орындайды.
21.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiңбiрiншi басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4.Мемлекеттiк органның мүлкi
22.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiңзаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланғанмүлкi болуы мүмкiн.
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24.Егер заңнамадатыйым салынбаса,«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттiк органдардың жұмыс уақыты
25.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс уақыты iшкi еңбек тәртiбi қағидалармен белгiленедi және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
26.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс уақыты мынадай тәртiппен белгiленедi: бес күндiк аптасы кезiнде жұмыс уақыты 9.00-дан бастап сағат 6.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi-жексенбi.
6.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27.«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiсi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.