«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жангелдин ауданының әкімі Қазақсатан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орынбасар алуға құқылы, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының уәкілеттігі:
1) «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
2) бұйрықтар шығарады;
3) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
5) «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
8) «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9) «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
10) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы, өзінің басшы орынбасары бар болған жағдайда уәкілдігін әрекеттегі заңнамаға сәйкес анықтайды.