«Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
Жалпы ақпарат
«Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік жоспарлау салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.