Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі
Жалпы ақпарат
«Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да құқықтық нормативтік актілерге және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.