«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Бөлім қызметінің негізгі түрлері болып табылады:
·Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін:
·Жұмыспен қамту мәселелері, жұмыссыз аз қамтылған отбасыларының адамдарын ақылы қоғамдық жұмысқа тартуды ұйымдастырады;
·Аз қамтылған, жиынтық табысы жан басына шаққанда кедейлік шегіне жетпейтін отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, аз қамтылған отбасыларының коммуналдық қызметтері үшін көмек беруді жүзеге асырады.
·Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі – дәрмек алу үшін және аз қамтамасыз етілген отбасылары мен аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетеді.
·Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Чернобыль АЭС – нің мүгедектерін және басқа адамның көмегіне мұқтаж жалғызілікті мүгедектерге жәрдемақы тағайындайды.
·Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақысын тағайындайды.
·Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.