«Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

    Бөлім туралы

    «Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

    1) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдесу;

    2) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

    3) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

    4) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру;

    5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

    6) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

    7) аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

    8) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамыту, оның халықаралық беделiн нығайту;

    9) Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау.