«Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
«Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеу;
3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
6) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар жүргізу;
7) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру;
8) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу;
9) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
10) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
11) дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.