«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

    Бөлім туралы

    Функциялары:

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сай:

    аудан көлемін стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;

    аудандық бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;

    аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінқабылдауды жүзеге асыру;

    аудандық бюджеттің атқарылуына әдістемелік басшылық ету;

    кірістер мен шығындардың экономикалық негізделе отырып жоспарлануы, түсірілімдер көлемінің есептемелері негізінде алдағы орта мерзімге арналған жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру;

    жергілікті атқарушы органдарға өызмет көрсету және борышын өтеу жөніндегі міндеттемелерді, аудан әкімінің кепілдігі бойынша міндеттемелерді орындау;

    жергілікті атқарушы органдардардың қарыз алуы және борыш мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және басқадай бағдарламаларды жасақтау;

    Қазақтсан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сай:

    өз өкілеттігі шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қор,ау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

    аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

    коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекеттік мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген исіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

    сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемлерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

    «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Респуликасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.