«Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    1) Бөлім міндеттемесі мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын, бөлімнің жұмысшылардың және қызметкерлердің штаттық кестесін жасау.

    2) Бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын әзірлеу және бекіту;

    3) Бөлім бойынша орта мерзімді жоспарларды және бюджеттік өтілімді әзірлеу, шығындар сметасын есептеу, бөлім бойынша болашаққа және алдағы 3 жылға арналған стратегиялық және орта мерзімді жоспарлар (индикативтік жоспар) және бухгалтерлік баланс жасау. Заңға сәйкес банктермен жұмыс жасау;

    4) Бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану және оны игеруді қамтамасыз ету;

    5) Бөлімге қарасты материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару жөніндегі шараларды жүргізу;

    6) Статистикалық есептерді жасақтау;

    7) Бөлім үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ҚР заңнамасына сәйкес жоспарлау, жүргізу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;

    8) Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің құжаттарын әзірлеу;

    9) Бөлім бойынша қаржылық лимиттерді жұмсау, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларын орындау, бюджеттік саралау және бухгалтерлік есеп жүргізудің дұрыстығын ұйымдастыру және оған бақылау жасау;

    10) Мүгедектерге және азаматтардың жеке санаттарына материалдық көмек беруді ұйымдастыру;

    11) Бухгалтерлік және салық бойынша есеп беруді жүргізу;

    12) Еңбекақыны есептеу, қазынашылық органмен жұмыс істеу;

    13) Тиісті органдарға барлық әлеуметтік төлем жөніндегі жедел мәліметтерді және ақпараттарды беру;

    14) Бөлім аппаратының үйде әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамтуды қаржыландыру жоспарына есептеулер жасау;

    15) Жұмыссыздарды, сонымен қатар оралмандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, оларға кәсіби оқытуды және әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру;

    16) Еңбек рыногындағы жағдайларды уақытылы анықтап, оған талдау және болжам жасай отырып, халықты жұмыспен қамту туралы келешектегі және ағымдағы бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

    17) Азаматтардың жұмыссыздық мерзімін қысқартуға бағытталған жұмыстың жаңа жетік түрлері мен тәсілдерін енгізу, жұмыс іздеп келген азаматтарға және жүмыс берушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру;

    18) Жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш берушілерді қабылдау, есепке алу және тіркеу;

    19) Жұмыссыздарды заңға сәйкес қоғамдық жұмысқа жолдау:

    20) Тұрғындарды жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және оны іске асыру;

    21) Мүдделі органдармен бірлесе отырып кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастырудың сүранысын анықтау;

    22) Азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған және заңдарға сәйкес жүзеге асыруға болатын өнімділікке, шығармашылық еңбекке деген олардың қабілетін дамытуға жәрдем беретін шараларды жүзеге асыру;

    23) Мақсатты топқа кіретін тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі шараларды әзірлеу;

    24) Экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметін үйлестіру;

    25) Жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясатын әзірлеу және оны іске асыруға жұмыс берушілердің өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінің қатынасуын ұйымдастыру;

    26) Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың, кәсіпкерлік қызметтің және жұмыс іздеуші адамдардың жұмыспен өзін-өзі қамту тәсілін жетілдіру;

    27) Еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес мамандықтарын есепке ала отырып кәсіби оқытуды ұйымдастыру;

    28) Атқарушы органдары, жұмыс берушілер одағы және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен құрылған комиссиялар мен жұмысшы тобының халықты жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерді қарау отырыстарына қатысу;

    29) Аудандағы мекемелерде ақылы қоғамдық жұмыстарды даярлау және жүргізу туралы ұсыныстар беру;

    30) Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жөніндегі мекемелерді таңдау;

    31) Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу және кәсіби оқыту үшін келісім-шарт жасасу;

    32) Жұмыс берушілер және жұмыссыз азаматтар үшін семинарлар, бос жұмыс орындарын анықтау мақсатында жәрмеңкелер ұйымдастыру;

    33) Кәсіпорындар мен мекемелердегі, ұжымдардағы, шаруа қожалықтардағы және шағын кәсіпорындардағы босаған, ашылған жұмыс орындарын анықтау мақсатында тұрақты жұмыс жасау;

    34) Тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңдылықтар жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу, бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау;

    35) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және басқа да жәрдемақы тағайындау және оны төлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

    36) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау құжаттарын тіркеу және есепке алу жұмыстарын жүргізу;

    37) Учаскелік комиссиясының жұмыстарының сапасын жақсарту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау барысында азаматтардың табысы туралы құжаттарының нақтылығын тексеру;

    38) Оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

    39) Тұрғындардың тұрмыс деңгейін анықтайтын экономикалық талдауын жасау;

    40) Халықтың тұрмыстық деңгейін және халықты әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын дайындауға қатысу;

    41) Жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу туралы есебін жүргізу, есебін беру;

    42) Жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік жәрдемақы түрлерін төлеу бойынша, кедейлікі азайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы есеп беру;

    43) Аз қамтылған топтар мен азаматтардың, тұрғындардың тұрмыс деңгейін анықтау, әлеуметтік жағдайына талдау жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    44) Ауданда атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша тұрғындардың әлеуметтік карталарына мониторинг жасау;

    45) Деректер базасы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік карталарына мониторинг жасау үшін деректер жиынтығын құру;

    46) Әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген азаматтар жөніндегі деректер жиынтығын жаңарту;

    47) Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне, тылда жұмыс істегендерге, көп балалы отбасыларына, мүгедектер мен мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларынв, мерекелер мен атаулы күндері әлеуметтік көмек беруді ұйымдастыру;

    48) Мүгедек балалары бар отбасыларына, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге және басқа да үйде әлеуметтік көмек қажет ететін санаттағы топтарға әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

    49) Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    50) Мүмкіндігі шектеулі балалар, жалғыз ілікті қарттар мен мүгедектерді анықтау және есебін жүргізу;

    51) Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және басқа да әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыруды қамтамасыз ету;

    52) Жұмысқа қабілеті жоқ азаматтар мен мүгедектерді интернат үйлеріне орналастыру жөніндегі арыздарына сәйкес құжаттарын дайындау және орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

    53) Мүгедектерге және соғыс, еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне понсионаттар мен санаторияларға жолдауды ұйымдастыру;

    54) Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғызілікті азаматтарға, қайтыс болған, қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарына, белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    55) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    56) Мүгедектерді арнаулы жылжымалы жабдықтармен, протез-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    57) Мүгедектер жөніндегі деректер базасын құру, Статистикалық есеп беруді жасау;

    58) Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде жәрдем беру;

    59) Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру, аудандық комиссияның қызметін үйлестіру;

    60) Әлеуметтік әріптестік туралы келісімді даярлау және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу;

    61) Аудандық келісімдердің іс-шараларын іске асыру барысына маниторинг жасау;

    62) Аудандық кәсіпорындарына ұжымдық келісім шарттар жасауына және оларды тіркеу есебін жүргізуге көмек көрсету;

    63) Аудан әкімі, кәсіподақтардың аудандық кеңесі және кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің аудандық одағы арасындағы үш жақты келісімді, әлеуметтік әріптестік жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оны бекіту;

    64) Комиссиялардың мәжілістерін өткізуге қатысу;

    65) Үш жақты комиссияның жұмысы туралы ақпараттық материалдар дайындау;