"Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" ММ
Жалпы ақпарат
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Байғанин аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.