"Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Жайсаңбай ауылдық округі - Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округтің әкімшілік орталығы - Жайсаңбай ауылы.
Ауылдық округтің тұрғындары 542 адамды құрайды (2021 жылдың басында).
Жайсаңбай ауылдық округінде Жайсаңбай елді мекені бар.
«Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста аумақтың мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президентінің және Үкіметінің актілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және басқа да қолдауды жүзеге асырады.