Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы. Тұрғындар саны 15777 адам (2023 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%). Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген. Қобда ауданында: Ақсай, Әлия ауылы, Байтақ, Бегалы, Бестау, Бұлақ, Егіндібұлақ, Жаманкөл, Жаңаталап, Жарсай-2, Жарсай, Жарық, Жиренқопа, Жарық, Жиренқопа, Бесқұдық, Қанай, Қарағанды, Қаракемер, Қоғалы, Көк үй, Қосөткел, Құрсай, Қызылжар, Қобда, Ортақ, Өтек, Сарыбұлақ, Сөгәлі, Талдысай, Терісаққан.Қобда ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік материалдық –техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
aktobe-khobda