«Науырзым ауданы Раздольное ауылы әкімінің аппараты»

    Жалпы ақпарат

    Қостанай облысы

    Науырзым ауданы

    Раздольное ауылы, Мирная көшесі, 10,
    БСН - 050140006289
    E-mail: [email protected]
    телефоны :8(71454)20-1-81

    Қызметтік міндеттері

    1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
    2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
    3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
    4) әкім аппараты әкімдісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
    4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
    5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
    6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
    7) аудандық маңызы бар ауылдың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
    8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
    9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
    10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-ќимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
    11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
    12) аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
    13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
    14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
    14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
    15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
    16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
    17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
    18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
    19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
    21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.


    Құқықтары

    Селолық округ әкімі аудандық ұйымдар басшысыларымен, аудан әкімімен, оның орынбасарларымен өткізілетін отырыстардың жұмысында, аудан әкімдіктің мәжілістерінде қатысу құқығы бар.

    Жауапгершілігі
    Селолық округ әкімі оған жүктелген міндеттерді нақтылауға жауапты

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы толық және нақты ақпаратты «Науырзым ауданы Раздольное ауылы әкімінің аппараты» ММ келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады:Байланыстелефон:8(71454)94-3-32