"Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты"ММ

    Жалпы ақпарат

    1. «Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
    4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
    5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
    6. Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
    Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылы, Жеңіс көшесі, №12, пошта индексі 110600.
    7. «Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.