Самар ауданы "Мариногорка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Жалпы ақпарат

    Әкім аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    1. Миссия:

    Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    1. Міндеттер:

    Әкім қызметін ақпараттық-сараптама, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ, жергілікті маңыздағы мәселелерді шешу.

    1. Функциялар:

    Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

    1) округ әкімінің, әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етеді;

    2) азаматтардың, заңды тұлғалар өкілдерінің шағымдарын, өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары және бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;

    3) салық жинауға жәрдемдеседі;

    4) азаматтар мен заңды тұлгалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына жәрдемдеседі;

    5) жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

    6) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта құрылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын жүзеге асырады;

    7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    8) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек корсету жөнінде ұсыныстарды енгізеді;

    9) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

    10) шаруашылық есепке алуды жүзеге асырады;

    11) ауылдық округті сумей жабдықтауды ұйымдастырады және сумен жабдықтау мәселелерін реттейді;

    12) округ ауылдарын абаттандыру, жарықтандыру және санитарлық тазарту жөніндегіжұмыстарды ұйымдастырады;

    13) агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтар бағдарламаларын қалыптастыру бойынша; ауыл шаруашылыгы малдарын ұстау және жаю ережелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізеді;

    14) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;

    15) ауыл шаруашылыгы санағын жүргізуге қатысады;

    16) жыл сайын бірінші тоқсанның ішінде халыққа есеп беру

    кездесулерін өткізеді, оның барысында елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, ауылдық округтің өткен жылдагы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етеді;

    17) сайлаушылар тізімін құрайды, оларға түзету енгізеді;

    18) әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

    19) қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және элеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

    20) жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    21) бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

    22) жиындар мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарының күн тәртібін даярлайды;

    23) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкім мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

    24) бөлек жиындар, жиындар және жергілікті қоғамдастық жиналыстардың хаттамаларын сақтауды қамтамасыз етеді жэне олардың орындалуын бақылайды;

    25) бөлек жиындар, жиындар жэне жергілікті қоғамдастық жиналыстар қатысушыларының тіркеуін жүргізеді;

    26) бөлек жиындар, жиындар және жергілікті қоғамдастық жиналыстар қызметтерінің қүжаттамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

    27) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін жүзеге асырады;

    28) бюджеттің жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді

    29) бюджеттің орындалуы туралы жылдық қаржылық есептілікті құрастырады;

    30) бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсынады

    31) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудандық мәслихатқа бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

    32) бюджеттің іске асыру туралы шешім қабылдайды;

    33) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

    34) коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

    35) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

    36) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

    37) коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп үстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

    38) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

    39) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

    40) мүлкі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

    41) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды үйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

    2) Әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

    1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

    2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

    3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу- сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    4) мүлкі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кэсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу қүқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

    5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды түлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып

    алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

    6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

    7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды түлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

    8) аудан экімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың

    коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

    9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер қүруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

    10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

    11) мүлкі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың

    коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар кызметініңбасым бағыттарын жәнебюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

    12) мүлкі коммуналдық меншігіндегі(жергіліктіөзін-өзі басқарудың

    коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі жэне бекітеді;

    13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

    14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

    15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

    16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

    1) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

    2) құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

    3) жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде аудандық мәслихат сессиясы жұмысына қатысуға;

    4) мүліктік және мүліктік емес қүқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

    5) мемлекеттік басқару орғандарының, мүрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

    6) шарттар, келісімдер жасасуға;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

    Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

    1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

    2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы орғандардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

    3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.