"Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Жалпы ақпарат

    Қызылжар ауылдық округі - Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округтің әкімшілік орталығы - Құрылыс ауылы.
    Ауылдық округтің тұрғындары 2341 адамды құрайды (2021 жылдың басындағы жағдай бойынша).
    Қызылжар ауылдық округінде Жаныс би, Құрылыс, Шеңбертал елді мекендері орналасқан.
    «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста облыстың мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және басқа да қолдауды жүзеге асырады.