Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты
Аудан орталығы Хромтау қаласы Ақтөбе қаласының шығысында 86 км қашықтықта орналасқан. 1940 жылдары "Алмаз" кен орнының солтүстігіне, Ойсылқара, Сармырза өзендеріне жақын жұмысшы поселкесі ретінде іргетасы қаланған. 1967 жылы қала статусы берілді.
Қала территориясы 2404 га. Қала аумағымен Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық автотрассасы, "Хромтау - Алтынсарин" теміржолы өтеді. Қалада мемлекеттік маңызы бар ірі екі өндіріс орыны бар.
Хромтау қаласының даму жоспарын жасау және оны іске асыру; Хромтау қаласының экономикасын дамыту; Хромтау қаласының әлеуметтік мәдени, саяси сұрақтарымен айналысу;Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; Жергілікті инфрақұрлымның дамуын қамтамасыз ету;Қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;Заңға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру; Хромтау қаласының бюджетін жоспарлауды және атқаруды қадағалау; Қала бойынша салық базасын кеңейтілуін қамтамасыздандыру;Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери-жұмылдыру және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жүргізілуін қадағалау;Хромтау қаласында мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асуына жағдай жасау;Жергілікті мемлекеттік басқаруға қатысты басқа да фукцияларды атқару;