«Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

    Жалпы ақпарат

    1. «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, ведомстволары жоқ.
    3. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. « Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар..
    5. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    6. « Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    7.«Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылдық округі, Ақшығанақ селосы.
    10. Осы Ереже «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
    12. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым – қатынас жасауға тыйым салынады.
    Егер «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
    2. «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіліктері
    13. Мақсаттары:
    - ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз ету,
    - ауылдық округ әкімінің жұмысын тиісті денгейде және уақытында қамтамасыз ету,
    - аппараттың барлық қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.
    14. Өкілеттіліктері:
    1) құқықтары:
    - әкімдіктің және әкімнің мүддесін ұсынады.
    - ауылдық округ әкімінің құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардан ақпарат, құжаттар және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
    - өзінің құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік қызметкерлерге, өзге де ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;
    - тиісті аумақтарда басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін - өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекет жасауға;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.
    2) міндеттері:
    - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс,аудан әкімі мен әкімдігі, ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген құзыреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің өкілеттігін жүзеге асыру;
    - тиісті аймақтың дамуының мүддесі мен мұқтаждықтарын ескере отырып жергілікті атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ықпал жасау;
    - мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету ;
    - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету ;
    - көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру ;
    - көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру ;
    15. функциялары:
    - округтегі ішкі саясат және экономикалық ахуалға талдау жасайды, оның дамуына болжау жасайды, ауылдық округ әкіміне бағынысты жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысын талдайды, қоғамдық пікірлерді саралап, ақпарат дайындайды;
    - басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың,ауылдық округ әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түскен ақпараттарды, өтініштер мен ұсыныстарды жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
    - ауылдық округ әкімінің қызметін,нормативті құқықтық актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
    - ауылдық округ әкімі аппаратындағы атқару тәртібінің жағдайына талдау жасайды .
    - аппарат жұмысын,кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастырады;
    - ауылдық округ әкіміне бағынысты мемлекеттік қызметкерлердің қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
    - ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындайды;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді, өкімдерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқа нормативтік - құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
    - ауылдық округ әкімі актілерінің заңнамаға сәйкестігіне заңды сараптама жүргізеді;
    - ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталса жою жөнінде шаралар қолданады;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті атқаруға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді;
    - аппараттың мемлекеттік қызметкерлерін даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
    - аппараттың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;
    - аппаратта іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атқарады;
    - қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    - ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;
    - мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
    - жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді;
    - мемлекеттік наградалармен, облыс, аудан әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындайды;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
    - көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;
    - өз құзыреті шеңберінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;
    - мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қадағалау жүргізу үшін, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсынады ;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсынады ;
    - мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.
    3. «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіліктері
    Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметтерін іске асыру үшін:
    1) әкімдіктің және әкімнің мүддесін ұсынады.
    2) ауылдық округ әкімінің құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардан ақпарат, құжаттар және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
    3) өзінің құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік қызметкерлерге, өзге де ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;
    4) тиісті аумақтарда басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін - өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекет жасауға;
    5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.
    3. «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
    22.«Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
    23.«Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
    1) ауыл әкімінің аппаратын мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
    2) ауыл әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті алады;
    3) ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штаттық саны жөніндегі ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысының қарауына енгізеді, сондай-ақ аудан әкіміне еңбек ақы төлеу қорының үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге (сыйлықтар) қосымша төлемақылар, материалдық ынталандырулар белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді;
    4) аппаратта ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
    5) аппараттың қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, аппарат ережесін бекітеді, аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
    6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес техникалық қызметкерлерді тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
    7) аппараттағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;
    8) аппарат бойынша қызметкерлер міндетті түрде орындауға тиіс өкімдерді шығарады және нұсқаулықтар береді;
    9) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін шығарады;
    10) ауылдық округ әкімінің шешімдерді мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
    11) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты бақылайды;
    12) өзінің құзыры шеңберінде құжаттамаларға қол қояды;
    13) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
    14) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмысшы тобын құрады;
    15) аппараттың ақшалай қаражатына иелік жасайды, қаржылық құжаттарға қол қояды;
    16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң шеңберінде құқық бұзушылыққа жол бергені және жасағаны үшін жауап береді.
    17) заңдарға сәйкес басқа да міндеттерді орындайды.
    18) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлейді ;
    19) заңнаманы мемлекеттік / жергілікті / атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау және /немесе алып тастау,мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне заңнамаға мониторинг;
    20) мемлекеттік /жергілікті/ атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін,мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және /немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    21) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету ;
    22) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік/жергілікті/ атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу ;
    23) қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету ;
    «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    24) Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босататылады.
    4. Мемлекеттік органның мүлкі
    25) «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
    «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.
    26) «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    28. «Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.