"Әйтеке би аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

    Об отделе

    "Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

    1) Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар және жол шаруашылығы қызметін үйлестіру. Тұрғын үй құрылысы саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

    2) Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    3) Ақтөбе облысы әкімінің іс-қимыл бағдарламаларын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу;

    4) өңірлік инвестициялық бағдарламаны әзірлеу және оның орындалуын бақылау;

    5) ауданның елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын, ғимараттар мен құрылыстарды сақтау және күтіп ұстау жоспарларын әзірлеу;

    6) бөлім алдына қойған міндеттерді орындауға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

    7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар және жол мақсатындағы объектілердің құрылысына бірыңғай Тапсырыс берушінің қағидаттарында әрекет етеді.