"Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

    Бөлім туралы

    Міндеттері:

    мемлекеттік тіл саясатын, аудан мәдениетінің әлеуметтік жүйесін дамыту және материалдық базасын техникалық жасақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

    ауданда мәдениет және тілдерді дамыту саясатының жүзеге асырылу саясатын қадағалау;

    ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын насихаттау және түсіндіру;

    ауданда мәдениет және тілдерді дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі іс-әрекеттерін үйлестіру;

    мемлекеттік тіл саясаты тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды, практикалық ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданысын күшейту.