Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі
Функциялар:
- Бөлім қызметі шеңберінде ақпараттандыру және байланыс саласында техникалық саясатты жетілдірудің принциптері мен бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеу үшін Министрлігі сұранысы бойынша ұсыныстар беру;
- ақпараттандыру және байланыс шеңберінде ведомствоаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты айқындайтын нормативтік актілерді әзірлеу және іске асыру үшін Комитет сұранысы бойынша ұсыныстар беру;
- ақпараттандыру, байланыс және халықты құлақтандыру саласында, оларды Департамент бөлімшелері мүддесінде пайдалану мүмкіндігі мақсатында перспективалы әзірлемелерге мониторингті жүзеге асыру;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындауды жүзеге асыру.
- халықты құлақтандыру жүйесін құру және оның жұмыс істеуі саласындағы перспективалық әзірлемелердің мониторингі;
- халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктер әзірлеу;
- техникалық ерекшеліктерді дайындау және қолданыстағы аумақтық құлақтандыру жүйесіне техникалық-пайдалану қызметін көрсетуге шарттар жасасу;
- электрсиреналардың (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу бойынша тиісті жабдықтардың ақаусыздығы мәніне жоспарлы техникалық тексеру жүргізу.
- Міндет: ақпараттандыру және байланыс саласында Департамент бөлімшелері қызметтерін техникалық қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) Департамент бөлімшелерінде ақпараттандыру, цифраландыру және байланыс саласында техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізу;
2) Бөлімнің құзыреті шеңберінде мемлекеттік және ведомстволық бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
3) Департамент бөлімшелерінде есептеуіш техниканың, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, телекоммуникациялық жабдықтардың, байланыс желілері мен жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметінде инновациялық техникалық шешімдер мен технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар қарастыру;
5) ведомстволық ақпараттық ресурстарға техникалық қол жеткізуге мүмкіндікті, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
6) Комитет және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс сеанстарын қамтамасыз ету;
7) Департамент бөлімшелерінің күнделікті қызметінде, төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ оқу-жаттығуларды өткізу кезінде байланыс күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және әзірлеуге қатысу.
- Міндет: Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Функциялар:
- Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
- Департамент бөлімшелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелелері жөніндегі басшылық құжаттарды әзірлеуге қатысу және әзірлеу;
- жұмыс станцияларында операциялық жүйелердің, бағдарламалардың, желілік конфигурациялардың, бағдарламалық жасақтамалардың тұтастығының болуына, сондай-ақ зиянды сигнатуралардың болуына зерттеулер жүргізу;
4) ақпараттандыру объектілерін бағдарламалық-аппараттық қорғалуы, қол жетімділігі және ақпараттың тұтастығы, виртуалды машиналардың бейнелерінің сақталуы, ақпараттандыру объектілерінде желілік шабуылдардан қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру;
5) Департамент бөлімшелеріне ақпараттық қауіпсіздік қақтығыстары және пайда болған қатерлер туралы дер кезінде ақпаратты жеткізуді, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру;
6) Департаменттің ақпараттандыру объектілерінде және ақпараттық қауіпсіздік саясатының бұзылуына байланысты оқиғалар мен желілік трафиктердің мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізу.
- Міндет: ақпараттандыру және ба ланыс саласында азаматтық қорғау органдарын дамыту.
Функциялар:
- азаматтық қорғау органдарында техникалық саясатты жетілдіру бағыттары мен қағидаларын айқындайтын Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының дайындығы мен жағдайына талдау жүргізу;
- құлақтандыру жүйесін техникалық шешуді қоса алғанда, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, телекоммуникациялық жабдықтың, ведомстволық деректерді беру желісі мен байланыс жүйелерін әзірлеу, құру, енгізу және дамытуға қатысу және әзірлеу;
- ақпараттандыру және байланыс саласында Департаменттің бюджеттік өтінімін жасауға қатысу.
- Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өз құзыреті шеңберінде:
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалар мен аналитикалық мәліметтерді, нормативтік құжаттар жобасын, Департамент басшылығына бекітуге ұсынуға және әзірлеуге;
- қызметін жүзеге асыру үшін Департаменттің ведомстволық ұйымдарынан және Комитеттен қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;
- өз құзыреті шегінде Департаменттің ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне және ведомстволық ұйымдарға қатысты ұйымдастырушылық-реттеушілік функцияларды жүзеге асыруға;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік емес ұйымдарымен және шет елдермен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
Бөлімнің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау;
2) Берілген міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.