Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің ақпараттық саясат тобы

    Жалпы ақпарат

    Ақпараттық саясат тобы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Топтың негізгі міндеті – Комитеттің қызметі туралы ақпаратты алу және таратуға бағытталған ішкі және сыртқы коммуникацияларды қамтамасыз ету, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.