«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Функциялары:
1) Аудан аумағын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектік міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жоспарлау;
2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
3) Құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығына бағытталатын мемлекеттік қаражатты бөлу және құрылыс жүргізу үрдісін мемлекеттік реттеуге қатысу;
4) Аудан аумағында күзгі - қысқы маусымға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
5) Аудан аумағында газдендіру және электрмен қамту жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
6) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес аудандық маңыздағы жолдардың құрылысын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
7) Аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;
8) Автомобильмен жолаушылар тасымалының тұрақты ауданішілік маршруттарының тізілімін жүргізу;
9) Аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;
10) Жалпы пайдаланылатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын, тиісті аумақтар шегінде елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
11) Коммуналдық меншікте тұрған жолдар мен коммуналдық жол кәсіпорындарын басқару, сондай-ақ оларды қаржыландыру бойынша жергілікті бюджет баптарын орындауды жүзеге асыру;
12) Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру;
13) Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қатысу;
14) Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындаған жол жұмыстарының сапасын бақылау мен қабылдауды жүзеге асыру;
15) Мекеменің қызметі шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
16) Жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барысында нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім–шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту;
17) Жолдың көліктік пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен қызмет көрсету және жарнама нысандарын орнату үшін шарттық негіздерде жол органдары пайдаланбайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың кесінді жолақтарында орналасқан жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімге жер пайдалану құқығын беруге келісуді қамтамасыз ету;
18) Заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желілеріне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;
19) Тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасау және келісу;
20) Жолаушылар тасымалы қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
21) Ауданішілік қатынаста жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы мен жол қозғалысын ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
22) Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
23) Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
25) Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алуды жүргізу;
26) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асыру;
27) Аудандық тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және комиссия отырысына құжаттарды уақытылы және толықтай ұсынуды қамтамасыз ету;
28) Көппәтерлі тұрғын үйде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
29) Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын реттеу, бақылау және есепке алудың ортақ құралдарының болуын бақылау;
30) Тұрғын үй қоры мен көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкінде жылу, энергоресурстар мен судың тиімді пайдалануын бақылау;
31) Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамаларды орындауды қадағалау;
32) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасын мемлекеттік бақылау.
33) Тұрғын үй инспекциясының міндеті елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде:
- тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады.
34) Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.
35) Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттіктеріне:
- көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
- "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады.
36) Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес:
- пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
- объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
- көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
- көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
- анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
- елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
37) Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
38) Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
39) Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:
- мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;
- тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
- анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
- елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
40) Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
41) Тұрғын үй инспекциясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.
42) Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
43) Тұрғын үй инспекциясына жарғыда (ережеде) бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.