«Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат
    1. «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) Қонаев қаласы, Заречный Шенгельді ауылдық округтерінің инфрақұрылымын дамыту, көріктендіру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты заңда қарастырылған шамада дамытып жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады
    2. Бөлімде келесі ведомствалар бар: Қонаев қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, : Қонаев қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, : Қапшағай қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Қапшағай Тұрғын Үй».
    3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясымен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы облысы және Қонаев қаласы әкімдігі және әкім актілеріне, сонымен қатар, басқа да нормативті құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланктері, сонымен қатар, қазынашылықта заңнамаларға сәйкес өз есеп шоты болады.
    5. «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің құрылтайшысы – Қонаев қаласының әкімдігі.
    6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
    7. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.
    8. Бөлім заңда көрсетілген тәртіпте өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі бастығының бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    9. Бөлімнің құрылымы және штат лимиті қолданыстағы заңға сәйкес қабылданады.
    10. «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің заңды мекен –жайы: 040800. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13.
    11. Заңды тұлғаның толық аталуы: «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    12. Осы Ереже «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
    13. Бөлімнің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
    14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерге қатысты «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз міндеттерін орындауына байланысты келісімдік қатынастарға баруына тиым салынады.

    Егер бөлімге заң актісіне сәйкес табыс әкелуші қызмет құқығы берілсе, табыс мемлекеттік бюджетке бағытталады.