«Казталов аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Негізгі міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
1. «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) табиғат қорғау шараларының кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру,жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу,
2) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту,
Функциясы:
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:
1) Иесіз жатқан жер учаскелерін есепке алу,
2) жер учаскелерін табыстауда және олардың нысаналы мақсатында пайдалануын өзгертуде жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау,
3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйысдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды,жобалаумен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын(аукциондар,конкурстар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық,аудандық бағдарламалардың,жобалар мен схемалар сараптамасын жүргізу ;
11) ауданның жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылардың,сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
14) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;
17) Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес жер учаскелерін іздестіру жұмыстарына пайдалану үшін аудандық жергілікті атқарушы органға рұқсат беруге ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылық жерлерді бір түрінен екіншісіне аудару жөнінде ұсыныстар дайындау.
16. «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін жүргізу және негізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіппен құқықты;
2) мемлекеттік органдардан басқа да кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жер пайдалану мен оны қорғау мәселелері жөнінде ақпарат сұрату алу;
3) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының шешімдерін қайтару туралы ұсыныс енгізу;
4) өзінің құзыреті мен билігінің мүмкіншілігіне қарай мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру.