«Атырау облысы Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Функциялары:
1) халықты жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламаларын, индикативтік жоспарлар мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымды талдау және болжау, аудан тұрғындарын еңбек нарығын жағдайы туралы хабардар ету;
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орта мерзімді даму жоспар жобаларын әзірлеу және келісу;
4) халықты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу және іске асыру, олардың орындалуын бақылау;
5) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау;
6) мүдделі органдармен бірлесіп жұмысшы кадрларды даярлауда және оларды жұмысқа дайындау;
7) еңбек нарығының мониторингісін жүргізіп отыру;
8) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылған халықты даярлау және қайта даярлаудың аймақтық жүйесін қалыптастыру;
9) халықты әлеуметтік осал санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
10) жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;
11) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алудың, бос жұмыс орындарын іздестірудің компьютерленген бағдарламасын енгізу;
12) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерді талдау;
13) мүгедектерді оңалту және кемтар балаларды медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау жөніндегі аудандық бағдарламалар әзірлеп, іске асыру;
14) соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
15) мүгедек балалары бар жанұяларға, жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау;
16) мүмкіндіктері шектеулі балаларды және жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерді анықтап есебін жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
17) еңбек ардагерлерін, мүгедектер мен басқа да әлеуметтік-осал санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
18) жалғыз басты азаматтарды және мүгедектерді интернат-үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлерін пансионаттар мен санаторияларға анықтау туралы арыздарды қарау және шешімдер қабылдау;
19) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар мүгедектер мен ардагерлерді санаториялық-курортық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру.
20) мүгедектерді қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;
21) семинарларға, кеңестерге, ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулерге талдау материалдарын, баяндамалар дайындау;
22) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдері аппаратының жұмысына мониторинг жүргізу, округ әкімдерінің рейтингін анықтау;
23) халықтың белгілі топтарының өмір сүру деңгейін бағалау бағытында зерттеулер жүргізу (әлеуметтік карта):
24) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламалар кешенін пайдаланудың тиімділігіне бақылау жасау;
25) ауылдық округтер бойынша ақпараттық мәліметтер базаларының тұтастығын және қашылықсыздығын қамтамасыз ету, мәліметтер базасында анықталған сәйкессіздіктер мен бұзылуларды жою;
26) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау;
27) бюджеттік бағдарламадардың төлқұжаттарын әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну;
28) бөлім аппаратына бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасын және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
29) бөлім құзыретіне жататын мәселері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
30) бөлімнің кадр қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі шараларлы ұйымдастыру және жүргізу;
31) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте азаматтардың, шаруашылық субъектілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау және олар бойынша қажетті шаралар алу;