«Казталов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Негізгі міндеттері:
1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай - ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің Бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді;
3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Старатегиясының негігі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
5) ішкі саясат саласында тұжырымдалық негіздемелер және практикалық ұсынбалар, сондай - ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
6) ауданда болып жатқан қоғамдық - саяси процестерге және оның даму барысына жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
7) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөніндегі аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
8) аудандағы қоғамдық - саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;
9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
10) әлеуметтік дамудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағытында білім және спорт, мәдениет пен тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін келісімді өзара әркеттестікте қамтамасыз ету;
11) аудан әкімінің жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысын жүзеге асырады:
Функциялары:
1) Ішкі саясат процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аудандағы қоғамдық - саяси жағдаларға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметі мониторингі жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөнінде ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс пен аудан әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкім актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
4) аудан туралы қоғамдық - саяси және экономикалық салада үкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
5) Бөлімнің құзырына кіретін Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментімен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
6) Бөлім атқарылған жұмыстар жөнінде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментіне есеп беріп отырады;
7) Бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді;
8) аудан әкімі аппараты қызметін ақпараттық - талдаумен қамтамасыз етеді;
9) аудандық қоғамдық - саяси , мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
10) аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады жасайды;
11) ауданның ішкі саясаты өміріндегі маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
12) Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
13) саяси партиялармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;
14) аудан бойынша ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми - практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
15) аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып, Бөлім құзырына кіретін ұйымдық - әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарын орындайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.