«Қонаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мемелекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің миссиясы: Қонаев қаласының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.
- Міндеттері:
1) тұрғын үй құрылыс бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзгеде де міндеттер.
- Функциялары:
1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу) іске асыруды қамтамасыз ету;
3) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің трансферттері есебінен салынатын объектілер құрылысының барысына, реконструкциялануына бақылауды жүзеге асыру;
4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
5) қабылдау комиссияларымен объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және оларға қатысу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзгеде де функцияларды жүзеге асыру;
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар еңгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзіге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.