«Кербұлақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Мақсаттары:
1) аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан аумақтары мен елді мекендерде құрылыс, сәулет және қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру;
3) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес, аудан тұрғындарын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй нысандарымен қамту;
4) инженерлік инфрақұрлым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
5) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге сонымен қатар құрылыс, сәулет және қала құрлысы саласындағы қызмет көрсетуді кеңейту және жақсарту нысанды бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
6) азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарап, оның болу себептерін жою, шара қолдану, шешімін табу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттар.
Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) атқарушы органдардың құрылыс, сәулет және қала құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге басқада мемлекеттік нормативтерге қайшы келетін шешімдерін тоқтатуға және қайтаруға;
4) өз құзыреті шегінде нысандардың жобалау және құрылысының (реконструкциясының) кейбір сұрақтары бойынша шешім қабылдау;
5) құрылыс іс-әрекеттер саласында заңнамаларда белгіленген мемлекеттік-нормативтік талаптарын, жағдайларын және шектеулерін бұзушыларға шара қолдану туралы шешім қабылдауға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегіңде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
- аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
- аудан аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру;
- құрылыс іс-әрекеттер саласында заңнамаларда белгіленген мемлекеттік-нормативтік талаптарын, жағдайларын және шектеулерін бұзушыларға шара қолдану туралы шешім қабылдауға;
- аудандық бюджеттік ұйымдар мен мекемелерге, ауыл әкімдерінің аппаратына құрылыс мәселелеріне байланысты іс жүзінде көмек көрсету;
- тұрғын үй құрылысын несиелендіру қаржыландыру схемалары мен механизімдерін әзірлеуге, тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын ретімен шешуге, тұрғын үй нарығын толығымен қалыптастыру және дамуына қатысу;
- ауданда мемлекет тарапынан салынатын құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру;
- аудандағы құрылыс нысандарының сапалы және мерзімді орындалуын қамтамасыз ету;
- жобалау жұмыстарына қажет алғашқы құжаттарын дайындау;
- құрылыс нысандарын мерзімді қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
10) төтенше жағдайлар кезіндегі зардап шеккен сәулет және қала құрылысы нысандарын қалыпқа келтіру немесе жұмыстарын көздеген кешенді іс-шараларға қатысу;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
12) бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегіңде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қалақұрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
- аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
7) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
8) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу) іске асыруды қамтамасыз ету;
9) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің трансферттері есебінен салынатын объектілер құрылысының барысына, реконструкциялануына бақылауды жүзеге асыру;
10) қаржыландыру облыстық, аудандық бюджет арқылы немесе оның қатысуымен жүзеге асырылатын құрылыстарды, ғимараттар мен құрылыс нысандарын, инженерлік техникалық қайта жасақтау, жетілдіру, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу, сондай-ақ аумақты абаттандыру, көгалдандыру үлгілі күйге келтіру, салынып бітпеген нысандар құрылысын тоқтату, нысандар постулизациясы жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар енгізу және оларды зерделеу;
11) ауданның құрылыс кешенін дамыту жөніндегі мақсатты инвестициалық бағдарламалардың әзірленуіне және енгізілуіне, аудандық бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен жүзеге асырылатын, бекітілген бас жоспарлар бойынша құрылыс жобаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
12) жобалау және құрылыс салу өнімдерінің ішкі нарығын қорғау, ауданның ішінде өндірілетін жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасын бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
13) қабылдау комиссияларымен объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және оларға қатысы;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асыру.