«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Аудан аумағында мектепке дейінгі, жалпы орта мектептен тыс (қосымша) білім беру жүйесінің жай-күйіне мониторинг жүргізу,
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу бойынша ауданның білім беру ұйымдарында эксперименттік жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету.
Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім беру сапасына аралық мемлекеттік бақылау және лицензиялық ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету,
Білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және мәслихаттың бекітуіне енгізу,
Қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қаржы мәселелерінде практикалық көмек көрсету,
Жергілікті бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарының, білім беру бөлімінің қаржы-шаруашылық бөлігінің бухгалтерлік есебін және есептілігін жүргізу,
Сала бойынша жиынтық есептер мен талдау материалдарын дайындау мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету,
Белгіленген құзыреті шегінде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының кадрлармен және мамандармен қамтамасыз етілуінің, білім беру ұйымдарының басшы және педагог қызметкерлерін аттестаттаудың сапалық және сандық жай-күйін талдау.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен білім беру кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
Білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету