«Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі
Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекемелердің ағымдағы жылдың 3 айындағы жұмысына қатысты ақпарат
Бөлімге аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қарайды.
Аудандық мәдени-демалыс орталығына (МДО) қарасты 33 мәдениет мекемелері қызмет атқарады, соның ішінде: 1 аудандық мәдениет үйі /Переметный ауылы/, 2 ауылдық мәдениет үйі /Дариян мәдениет үйі, Калинин Достық үйі/, 30 ауылдық клуб. Сонымен қатар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен «Жеңіс» кинотеатры жұмыс істейді.
Аудандық МДО бойынша 2021 жылдың 3 айында онлайн қашықтықтан 260 шараға 8 600 көрермен қаралым жасаған. Ауданымызда бүгінгі таңда алты «Халықтық» және бір «Үлгілі» ұжымдар қызмет атқарады. Олар: «Шежіре» фольклорлық ансамблі, «Скифы» вокалды-аспапты ансамблі, «Дарьюшка» би ансамблі, «Ақ ниет» әжелер ансамблі, «Калинушка» орыс вокалдық ансамблі, «Достық-Дружба» ансамблі және үлгілі «Нұр-ай» би ансамблі.
Бәйтерек мәдени-демалыс орталығының мәдениет мекемелерінің2021 жылдың қаңтар,ақпан,наурыз айлары ішінде атқарылған маңызды мәдени іс-шаралары туралы жазбаша ақпараты
Ағымдағы жылдың 01 ақпан күні Калинин ауылдық мәдениет үйінде."Жап жаңа жыл" театрланған концерттік шара өтті
Ағымдағы жылдың 03 ақпан күні Бәйтерек ауданынына қарасты «Шың» музыкалық драма театры атынан «Есірткіге жоқ де! Өміріңді ойла! Еліңнің ертңіне алаңда! Есірткіні бірге жеңейік!» атты Бейнебаян түсіріліп интеренет желісі арқылы халық назарына ұсынылды.
Бәйтерек Ауданының Мәдени-демалыс Орталығы Асан, Дариян, Мичурин ауылдық клубтарында Күйші -композитор, Қазақ КСР халық әртісі,ұлы күйші Дина Нүрпейсованың 160 жылдығына орай күйшілер онлайн байқауы өтті. Байқауда қатысушылар Динаның күйлерін орындап бақ сынасты. Онлайн конкурс барысы және қорытындысы интернет желісіне жарияланды.
Асан ауылдық клубында «Ұлы тұлғалар» жобасы аясында Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдық мерей тойына арналған онлайн поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Ұлы ақынның олеңдері оқылып, фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы халық назарына ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 08 ақпан күні Алихан Кабдилманов және Гайноллин Нұрдәулеттің қатысуымен “Бәйтерек әуен LIVE” жобасы бойынша әуен кеші өткізіліп фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы ел назарына ұсынылды.
Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы Асан ауылдық клубында тарих бетінде қалған Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл толуына орай "Ауған соғысы ардагерлері-жоғары рухтың айқын көрінісі " атты ән сайысы өткізіліп, фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы ұсынылды.
Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы, Дариян ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Мәңгілік ел" челленджі ұйымдастырылып Трекин, Достық, Чувашка, Володарка, Озёрное клубтары Раздольный, Рубёжин, Сұлукөл, Чиров ауылдық клубтарына жолданды.
Алғыс айту күніне орай Бәйтерек Ауданы бойынша онлайн мерекелік шаралар өткізілді. Бәйтерек Ауданына қарасты барлық ауылдарда мерекелік онлайн концерттер ұйымдастырылып, интернет желісі арқылы ұсынылды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке ауданымыздың барлық мәдениет ошақтарының барлығында мерекелік онлайн концерттер ұйымдастырылып, интернет желісі арқылы ұсынылды.
Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында облыстық халық шығармашылығы орталығы Көрісу күні қарсаңында барлық аудандардан "Аталар батасы", "Қазына әже", "Өнегелі келін", "Ісмер жігіт", "Зерек бала" тақырыптарына видеотүсірілімдер жинақтады. Ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, құндылығын арттыра беру мақсатында әлеуметтік желілерге жарияланады.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (ОКЖ) 51 кітапхана бар, соның 1-еуі аудандық, 1–еуі орталық балалар, 4 ауылдық балалар (Дариян, Зеленый, Махамбет, Шалғай) және 45 ауылдық кітапхана қызмет атқарды. Зеленый ауылдық және Дариян ауылдық балалар кітапханалары модельді ауыл кітапханасы статусымен жұмыс жасап келеді. Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы жанынан коворкинг орталығы, аудандық кітапхана жанынан құрылған «Бәйтерек» мәдени – ағарту және тынығу орталығы ашылып жұмыс жасауда
2021 жылдың 3 айында ОКЖ іс - шаралар саны -18, адам саны – 147. Соның ішінде онлайн қашықтықтан кітапханаларда жалпы 327 шара оздырылып, оған 3021 оқырман қамтылды.
Бүгінгі таңда ОКЖ қызметтің негізгі сандық көрсеткіштері 18075 оқырманға, 192959 кітап беріліп, оның кітапханаға қатынасы - 68376 қамтып отыр. ОКЖ бойынша кітап қоры-750694, жаңадан түскен әдебиеттер түсімі -30.
Қазақстанның «Халық жазушысы», балалар ақыны, Ақжайық өлкесінің тумасы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орайластырылған дәстүрлі облыстық «Қадыр оқулары» онкүндігіне Бәйтерек ауданының ОКЖ-нде 30 шақты шара өтіп, әлеуметтік желілерге салынып, оның 420 қаралымы болды.
20 қаңтарда Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық жазушысы» ақын Қ.Мырза Әлінің туған күніне орай Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасында Шаймардановтар отбасы ұлы ақынның шығармасын оқыды. Мақсаты: ақиық ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Facebook қаралымы - 12, лүпіл - 12 , пікір – 4.
Қ.Мырза Әли туған күніне арналған поэзия сағаты Мичурин ауылдық кітапханасында ұйымдастырылып өткізілді. Оқырмандарға жерлес ақынымыз әрі жазушы Қ. Мырза Әли туралы түсінік беру. Қадыр ата өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білуге дағдыландыру. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, жалқау болмауға, адалдыққа баулу.
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға бағытталған облыстық «Қадыр оқулары» декадасы аясында Чувашин ауылдық кітапханасында «Жайықтың жыр қыраны – Қадыр ақын» атты әдеби сағаты өтті. «Осы менің өз Отаным», «Ыбырай», «Ана тілі» т.б өлеңдері жатқа оқылды. «Қадырдың қадірлі жырлары» кітап көрмесіне шолу жасалды. Facebook қаралымы - 69, лүпілі- 7. пікір-1.
Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай Бәйтерек ауданының ОКЖ-нде 15 шара өтіп, әлеуметтік желілерге салынып, оның қаралымы -230 ге жетті..
13 қаңтарда Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Дариян ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызының 160 жыл толуына байланысты «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты әдеби сазды сағат facebook, instagram желісіне салынды. Қаралымы-30, лүпіл-8.
16 қаңтар күні Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Чеботарев ауылдық кітапханасы қазақтың әйгілі күйші-сазгері Қазақстанның халық әртісі, мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Дала даулпазы, дарқан дарын» атты әдеби- сазды сағат ұйымдастырды. Қаралымы- 19, лүпіл-12, пікір-9.
Бәйтерек ауданының ОКЖ- нің «Жыл қорытындысы -2020» тақырыбында «Үздік кітапхана» мен «Үздік оқырмандар» анықталып аудан кітапханашыларымен алғашқы семинар ZOOM платформасымен өткізді. Алдымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл 2021 жылы «30 кітап- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелген аудандық кітапхананың кітап қорынан кітапханашы Гүлмира Ержаймасқызы дайындаған кітап көрмесінің бейнебаяны көрсетілді. Одан әрі ересек оқырмандар арасынан «Үздік оқырмандар» таңдалып, оларға арналған бейнебаян тамашаланды. Сонымен қатар, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жыл ма жыл үздік кітапхананы анықтау мақсатында рейтинг жариялайды. Осы рейтинг бойынша үздік деп танылған кітапханашылар марапатталып, олар жайында дайындалған бейнебаян тамашалады.
Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Көрнекті қазақ ақыны, Қазақстанның Мемелекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай 27 шара ұйымдастырылды. Желілерде қаралымы -457.
20 қаңтар күні Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына «Жыр жүйрігі» челленджі Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасынан қабыл алып, ауылдық кітапханаларға жолданды. Қаралымы-65 , пікір-5, лүпіл - 22 , таралымы -3 .
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Дариян ауылдық округі кітапханаларының М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Аспан тауының ақиығы» атты виртуалды тарихи сағат өтті. Кітапханашылар қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірімен шығармашылығынан сыр шертіп, ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында тың ақпараттармен бөлісті. Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. Оқырманның шығармашылық ізденісін қалыптастыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу. Фейсбукте қаралымы-12, лүпіл-12. пікір – 2 . Қатысты- 59.
Ақын-импровизатор жыр алыбы Жамбыл Жамбылтың туғанына 175 жыл толуына орай Бәйтерек ауданының ОКЖ-нде 11 шара өтіп, 233 қаралымға жетті.
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Ж.Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» онлайн әдеби танымдық бейнебаян жасақтап, Facebook әлеуметтік желіге жариялады. Танымдық кеш барысында жыр алыбының өмір жолы, шығармашылығы, кітапхана қорындағы басылымдары туралы ақпараттар берілді. Қаралымы- 72 , лүпілі-25, пікір-8, таралымы-5.
26 ақпан күні Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасында Ж.Жабаевтың 175 жылдығы қарсаңында «Дала өмірінің жыршысы – Жамбыл Жабаев» атты виртуалды әдеби сазды кеш өтті. Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат бере отыра, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. Қаралымы-42, лүпілі-9, пікір-3, таралымы-1.
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Зеленое ауылдық модельді кітапханасы алпауыт ақын Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты виртуалды тақырып кеші өткізілді. Арнайы дайындалған бейнероликте Жамбыл туралы шақын ақпарат беріліп, кітапханамыздың тұрақты оқырмандарының Ж.Жабаевтың өлеңдерін оқығандары ұсынылды. Қаралымы-25, лүпілі-15,пікір-5, таралымы-2.
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орай 16 шара өтті. Қаралымы- 316.
10 ақпан күні Егіндібұлақ ауылдық кітапханасы ұйымдастырумен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауған қасіреті менің жүрегімде» атты ардагермен кездесу кеші өтті. Әскери борышын Ауған даласында өтеген Сакпиреев Асылбек Ислямғалиұлы 60 жасқа толды. Атаулы мереке қарсаңында Егіндібұлақ ауылдық округінің дайындаған мерекелік бағдарламасы ұсынылды. Кітапхана оқырмандары Э.Уразаева «Верните память», кітапхана оқырманы М.Мұхтаровтың домбырамен сүйемелдеуімен бірнеше жүрек жарды әндер шырқалды. Қаралымы- 28 , лүпілі-11, пікір-9, таралымы-1.
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Шалғай ауылының кітапханасының ұйымдастыруымен Ауғанстан әскерлерін шығаруға 32 жыл толу күніне орай «Ауған сөнген шоқ, өшкен арман тек. Сенен есте қалған» атты бейнебаян жасақталды. Ауған соғысының ардагері – Ауғанстанда көз жұмған В.А.Храмов ардагер туралы көрме ұйымдастырылып, оған шолу жасалды. Қаралымы-32, лүпіл-18, пікір-4, таралымы-1.
Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің аудандық кітапханасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» бейне-құттықтауын жолдады. ОКЖ басшысы Ж.К.Жанабаева аудан тұрғындары мен аудандық кітапхана оқырмандарын 8 наурыз мейрамымен құттықтай отырып, лебізін білдірді. Қаралымы – 125, лүпіл -50, пікір – 25, таралымы-10.
Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш көсемі Ә.Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай Бәйтерек ауданының ОКЖ-нде 10 шақты шара өтті. Қамтылғаны- 15, қаралымы- 448.
«Бәйтерек» мәдени-ағарту және тынығу орталығының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш көсемі – Ә.Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Алаштың ақтаңгері - Әлихан» тарихи-ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш – Орда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейханов туралы жан-жақты түсінік бере отырып, оның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу. Еркін форматта өткен шарада кітапханашы Г.Қоныспаева «Алты Алаштың айбыны» атты кітап көрмесін таныстырса, қатысушылар жеке сөз алып, ұлт көсемінің ел үшін атқарған еңбегіне тоқталып, тың ақпараттармен бөлісіп, Алаш арысының мерейтойын үлкен деңгейде өткізуге індет кедергі болып отырғанын айтты. Ә.Бөкейхановтың өмір жолы, шығармашылығы, жүргізген идеологиясы туралы кеңінен сөз еткен қатысушылар әлі тұтас зерттеліп болмаған ұлт зиялысының құнды тарихи деректерін зерделеудің маңыздылығын алға тартты. Қаралымы: 113, лүпіл- 50, пікір- 24, таралымы-5.
17 ақпан күні Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Дариян ауылдық округі кітапханаларының ұйымдастыруымен «Алаштың алыбы» атты виртуалды тарихи сағат оқырмандар назарына facebook, instagram, whatsApp желісі арқылы ұсынылды. Кітапханашылар көсемнің өмірбаянымен таныстырып, әрі қарай «Алаш Орда көсемі – Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Мақсаты: Алаш арыстарының бірі Ә.Бөкейхан туралы оқушыларға қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату. Қаралымы- 22 , лүпілі-12, пікір-3, таралымы-5.
20 ақпан күніБәйтерек ауданының ОКЖ-нің Достық ауылдық кітапханасының оқырмандарына қашықтықтан қызмет көрсету кезінде «Ағартушы - педагог Ы.Алтынсарин» онлайн тақырып сағаты оздырылды. Ы.Алтынсарин әңгімелері арқылы оқырмандарды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Whatsapp қаралым -296, Facebook желісінде қаралымы -14, лүпіл -8, пікір -6.
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) аудан орталыңындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде орналасқан.
2020-2021 оқу жылында аудандық БЖСМ 13 спорт түрлерінен асық ату, бокс, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, қазақ күресі, самбо, тоғызқұмалақ, тэквондо, шаңғы, футбол сабақтар өтеді. Ауданымыздың 16 елді-мекеніндегі 510 мектеп оқушысы спорттың 13 түрінен жаттығу сабақтарына қатысады.
Бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 22 ауылдық округте 175 спорттық құрылымдар бар.
Бұқаралық спорт жұмыстары жоспарына сәйкес, аудандық мектеп оқушыларының арасында 2021 жылдың 1 қаңтардан - 18 наурыз күндері аралығында 258 оқушыны қамтыған тоғызқұмалақ, казак курес, спорттық каратэ, самбо, асық ату сияқты спорт түрлері бойынша ,6 сайыс оздырылды.
Ағымдағы жылдың 3 айында 2 жаттықтырушы-оқытушыға «Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаты жаттықтырушы» және «спорт төрешісі» біліктілік санаттары берілді.
Ағымдағы жылдың 3 айында бөліммен азаматтық хал актілері бойынша, соның ішінде: туу туралы –125, неке қию туралы – 26, неке бұзу туралы – 12, әкелікті анықтау туралы – 5, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы – 2, қайтыс болу туралы – 131, қайталама куәліктер және анықтамалар беру – 82, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 3 мемлекеттік қызметтері көрсетілді.
Ал ауданымыздың 7 мектебін (Янайкин ауылындағы «Батурин жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сін «Талғат Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, Щапов ауылындағы «Щапов жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сін «Бауыржан Момұшұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, Железнов ауылындағы «Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сін «Ілияс Есенберлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, Железнов ауылдық округі, Новенький ауылындағы «Новенький жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сін «Қасым Қайсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, Дариян ауылындағы «Дариян мектеп-гимназия-интернат» КММ-сін «Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназия-интернат» КММ-сі, Трекин ауылындағы «Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі» КММ-сін «Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, Шалғай ауылындағы «Превосоветск жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сін «Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі деп қайта атау) Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобының» 2020 жылғы 16 қыркүйектегі отырысында қайта атау мәселесі қаралды. Бүгінгі таңда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Батыс Қазақстан облысьық тілдерді дамыту басқармасының бастауымен алған қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тілге құрмет- Елге құрмет» челленджі аясында видеороликтер түсіріліп, фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы жарияланды. Аталған челледж ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.
Жап жаңа жыл" театрланған концерттік шара
"Ауған соғысы ардагерлері-жоғары рухтың айқын көрінісі " атты ән сайысы
«Жыл қорытындысы -2020» тақырыбындағы семинар
«Алаштың ақтаңгері - Әлихан» тарихи-ақпарат сағаты
Спорттық каратэ бойынша ашық оқу жаттығу жиыны