«Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімі» ММ

    "Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мәдениет және өнер саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады

    Мемлекеттік мекеменің миссиясы:

    1) қазіргі заманғы мәдени ортаны қалыптастыруға және қалада тұратын азаматтардың әлеуметтік оптимизміне ықпал ететін мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер ұсыну;

    2) мемлекеттік тілді басым дамыта отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамыту және Тілдердің үштұғырлығы қағидатын қолдануға және таратуға бағытталған тілдерді дамыту жүйесін іске асыру.

    Мемлекеттік мекеменің міндеттері:

    1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) тіл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және оларды зерделеу мен дамыту үшін жағдай жасау