«Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Міндеттері:
1) «Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;
2) бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес, сәулет-құрылыс талаптарын сақтай отырып, құрылыс нысандары жобаларының және аумақтың құрылыс салу ережелерінің орындалуын қадағалау және ұйымдастыру;
3) нысандар құрылысына, қайта жабдықтауға бағытталған бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету;
4) аудан аумағанда әлеуметтік-мәдени тұрмыстық, білім беру, тұрғын үй, коммунальдық шаруашылық, сумен жабдықтау, инженерлік-коммунациялық инфраструкталар нысандарын қайта жабдықтау және құрылыс жобаларын іске асыру.
Функциялары:
1) қала құрылысы құжаттарын дайындау, құрылыс нысандарын жобалауға, құрылысын салуға және қайта жабдықтау жұмыстарына тапсырысшы функциясын атқару;
2) қала құрылысы құжаттарын дайындау, құрылыс салу, қайта жабдықтау және жобалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу, оларды ұйымдастыру;
3) пайдалануға тапсырылатын нысандар құрылысын заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатынасу;
4) құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүддені қорғау мәселелері жөнінде облыстық мемлекеттік жобаларды сараптау бөлімшелерімен,мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен, лицензиялау мекемелерімен өзара әрекет ету;
5) аудан көлемінде мемлекеттік қала құрылысы кадастарын жүргізу;
6) құрылыс саласында заңнамалардың, мемлекеттік нормативтердің және заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормаларының және жобалық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;
7) жергілікті атқару органдарына нысандар мен кешендердің орналасуы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қала құрылысы мақсатында жер телімдерін беру және оны мемлекеттік қажеттілік болған жағдайда алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;