«Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты Жаңақала ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.