Государственное учреждение "Аппарат акима Севастопольского сельского округа Сарыкольского района"
Әкімнің өкілеттігі:
1) әкімнің аппарат жұмысын ұйымдастырады, оның басшылықтық қызметін жүзеге асырады;
2) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың иелігінде қалған, мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыс, қызмет) іске асырудағы шығын ақша мен түсім жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
5) Сарыкөл ауданы Севастополь ауылы тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
6) Сарыкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша және Сарыкөл ауданы Севастополь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысымен авариялық тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады;
7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарының шеңберінде ауыл тұрғындарын шағын несиелеумен жәрдем көрсетеді;
8) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімде әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімнің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін әкім айқындайды.
- Әкім аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.