«Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аудан әкімі аппаратына басшылық жасауды, аудан әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы жұмысын жоспарлауды, құпия іс жүргізу және құпиялылық режиміне бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылау жасау жөніндегі мәселелер бойынша аппарат қызметінде аудан әкімінің орынбасарларымен іс-әрекеттерін келіседі, аудандық бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіреді.
Ісжүргізуді жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды, белгіленген талаптарға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерлерін ұсынуды жүзеге асырады.
Кадр іріктеуі мен мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
«Электрондық үкіметті» дамыту және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті үйлестіреді. «Е-қызмет» ақпараттық-біріктірілген жүйеге, «1С Бухгалтерия» бағдарламасына қолжетімділікті және техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етуді бақылайды. Ақпараттық инфрақұрылымды және ақпараттық
ресурстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге және ұсыныстар енгізуге бақылауды жүзеге асырады. Аудан әкімінің аппаратында бағдарламалық және аппараттық жүйелерді орнатуды, техникалық қызмет көрсетуді, басқаруды, техникалық құралдарды жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
Аудан әкімдігінің отырыстарын өткізуді, кеңестерді дайындау мен өткізуді ұйымдастырады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметті үйлестіреді.
Жетекшілік ететін салаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жауапкершілікті алады. Тұрақты негізде қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша қызмет берушілермен семинар-кеңес өткізеді, мемлекеттік қызмет көрсету туралы қызмет алушылар үшін түсіндіру шараларын, оның ішінде жетекшілік ететін сала бойынша оларды шағымдау тәртібімен өткізуді бақылайды. Баламалы тәсілмен (Мемкорпорация және «Электрондық үкімет» арқылы) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұлғайту жөнінде көрсеткіштерге жету бойынша шаралар қабылдайды.
Жетекшілік етеді:
құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне,
ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөліміне,
заң бөліміне,
персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр жұмысы бөліміне),
қаржы-шаруашылық бөліміне,
мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне,
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне.
Қызметтеріне басшылық етеді:
бірыңғай тәртіптік комиссияның,
аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссияның,
негізгі құралдарды есептен шығару бойынша комиссияның,
мемлекеттік рәміздерді есептен шығару бойынша комиссияның.
Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ,
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы Әділет департаментінің Меңдіқара аудандық әділет басқармасы» РММ (заңды және жеке тұлғаларды тіркеу мәселелері бөлігінде)
«Меңдіқара аудандық мемлекеттік мұрағаты» «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ филиалымен,
«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ,
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалы,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы-Меңдіқара аудандық бөлімшесімен.
Жоспарға сәйкес әкімдік отырысына сұрақтар дайындауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.