«Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты Мастексай ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.