Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты
О районе
Абай ауылы солтүстікте Хромтау қаласымен, оңтүстікте Алға ауданымен, шығыста Құдықсай, батыста Ақжар ауылдық округтерімен шектеседі. Округ көлемі - 96,692 га. Аудан орталығынан 15 км, Ақтөбеден 100 км.
Ауылдық округ тарихы өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы "Қызыл еңбек", "Октябрь", Ворошилов атындағы ұжымшарлардан басталады. 1936 жылы Черкасск селолық кеңесі құрылған. 1953 жылы Жданов атындағы ұжымшары болып тың игеру басталған. 1994 жылы "Абай" атына ауыстырылды.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Конкурстық, аукциондық және уақытша жер учаскелері пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетеміз. Нотариалдық қызметтің 4 түрі бар.