"Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Жалпы ақпарат
Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже
1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі, Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Аппаратты және оған қарасты мемлекеттік мекемелерді құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес мәселелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, әкімшілік рәсімдер туралы, тіл туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі мен аудан әкімінің өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын сондай-ақ, осы ережені басшылыққа алады.
2. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі:
1) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысынан;
2) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманынан тұрады.
2. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
3.Негізгі міндеттері:
1) бөлімге жүктелген Қазақстан Республикасының Конститутциясының, Заңдарының, Президенттің және Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихаттың және басқа да құжаттардың талаптарының орындалуын жүзеге асырады;
2) Президенттің, Парламенттің, аудандық мәслихаттың сайлауларына байланысты референдумдар өткізуге, еңбек ұжымдарында, халық арасында ірі мемлекеттік сұрақтарды талқылауға дайындық жұмыстарын жүргізу;
3) қоғамдық құрылымдар мен органдардың жергілікті орындаушы билік органдарымен және аудандық мәслихаттың өзара қызмет етуі;
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың құзырына енетін құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;
5) мемлекеттік органның ақпараттық технологияларды қолдану және құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау жүйесін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты бірыңғай талаптарды сақтауға;
7) аудан әкімінің басқаруымен өтетін басқа да шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
8) «Easy Project» кроссплатформасында жобаларды енгізу және оның іске асырылатын жобаларды уақытылы сапалы енгізілуін ұйымдастыру және бақылау;
9) «e-Otinish» ақпараттық жүйесімен өтініш берушімен кері байланыс ұстау арқылы өтініштерді уақылы қарау және жауап беру;
10) аудан әкімдігі мен әкімі қабылдаған актілерді тіркейді, есепке алу;
11) аудан әкімдігі мен әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларға тұрақты түрде құқықтық мониторинг жүргізу;
12) сот мәжілістерінде аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғауды заңды негізде жүзеге асыру.
4. Функциялары:
1) бөлім мемлекеттік құқықтық жұмыстарына байланысты іс-қағаздарын жүргізеді, дербес бөлімдермен, ауыл мен ауылдық округ әкімі аппараттарымен, аудандық құқық қорғау органдарымен, прокуратурамен, сот және қоғамдық құрылымдармен, әскери бөлімдермен қызметтік хат алысуды жүзеге асырады;
2) бөлім өзінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша материалдар мен құжаттарды аудан әкімінің және әкімдігінің қарауына және аудан әкімінің есебіне ұсынады.
3) берілген тапсырманың орындалуына жауапты болады.
5. Құқықтары:
1) аппараттың басқа да бөлімдерін, оларға қатысты мәселе болған жағдайда, заңнамалық талаптарға сәйкес, материалдар мен құжаттар дайындауға және ірі қоғамдақ-саяси шаралар өткізудің дайындық жұмыстарына жұмылдыруға;
2) мәселелерді әкімнің, әкімдіктің, штабтардың, кеңестердің қарауына дайындау үшін аудан әкімдігің рұқсатымен, аудан аумағында орналасқан мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
3) бөлім жұмысына қатысты сұрақтарды отырыстарда қарастыруға құқылы.
Бөлім Қазақстан Республикасының заңналамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
3. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметін ұйымдастыру
6. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемелекеттік-құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
7. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
8. Бөлімнің басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жетекші маман жүзеге асырады және жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
бөлімнің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.