Заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Аудан әкімінің және аппараттың қызметін заңдық сүйемелдеу;
қылмыспен, жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудан әкімінің құқық қорғау органдарымен және басқада мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аса өзекті және проблемалық сұрақтарды аудан әкімдігінің және аудан әкімінің жанындағы кеңестің қарауына ұсынады және қарайды;
аудан әкімінің қарауына енгізілетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жасайды, аудан әкiмі мен аудан әкімдігінің құқықтық және нормативтiк-құқықтық актілерiнiң жобаларын әзірлеуге және сараптама жасауға қатысады;
аудандық және облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша жұмыстарын үйлестіру.