Мемлекеттік-құқықтық бөлім
Функциялары:
1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте әкімнің, әкімдік пен Аппараттың мүдделерін білдіреді;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді үйлестіреді;
3) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;
4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;
5) мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік органның құзыретіне қатысты құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік орган атынан түсініктемелер дайындайды;
7) облыс әкімінің, әкімдігінің ереже шығару қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша облыс әкіміне оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет, алты айдың келесі айының 10-күніне дейін Әділет министрлігіне талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;
8) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда заңда көзделген шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді;
9) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;
11) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
12) облыс аудандарының қызметімен танысу үшін, облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және оларды қолданудың тиімді шараларын ұйымдастыру мақсатында ақпарат жинау үшін жергілікті жерге шығуды жүзеге асырады;
13) белгіленген міндеттер мен функциялар шеңберінде өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
14) облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының қөзге тапсырмаларын орындайды.