Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік-құқықтық бөлім (бұдан әрі – Бөлім) Абай облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппарат басшысы бекітеді.