Мемлекеттік-құқықтық бөлім
Бөлiм құзiретiне әкiмдiк және облыс әкiмi, облыс әкiмiнiң орынбасарлары және аппарат қызметiнде заңдылықтың сақталуын, әкiмдiктiң, облыс әкiмiнiң және аппараттың мүлiктiк және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерiн құқықтық құралдармен қорғауды қамтамасыз ету жатады, белгiленген тәртiпте соттарда, сондай-ақ басқа да органдарда олардың қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қараған кезде әкiмдiктiң және облыс әкiмiнiң, аппараттың мүддесiн ұсынады, құқық бұзушылық профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, құқықтық тәртiп пен заңдылықты қолдау, азаматық хал актiлерiн тiркеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттi ұйымдастыру, әкiмдiк және облыс әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi жобаларын және заңды сипаттағы басқа да құжаттарды әзiрлеуге қатысу, норма шығармашылықты жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру жатады.