Бас маман-Заңгер
Басқарманың қызметінде қолданыстағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру; мемлекеттік органның құқықтық сипаттағы құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу және қажеттілігн қарай оларды дайындау; басқарма басшысының бұйрықтары жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;шарттардың, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландыруды веб-порталға орналастыру; бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастыру; бөлімнің құзіреті шегінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу; ә басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжатттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірленген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу;басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебіне және олардың сақталуын ұйымдастыру;Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету;бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару және бақылау жасау;осы ережеде тікелей қаралмаған, бірақ бөлімнің жалпы қызметіне сәйкес құзіретіне қатысты өзге де жұмыстарды атқару.