ШЖҚ МКК «Алакөлжылу»
Жалпы ақпарат
"Алакөлжылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жылу энергиясын өндіру, тарату және сату қызметі бойынша табиғи монополиялар субъектісі болып табылады. Негізгі қызмет түрі жылу энергиясымен қамтамасыз ету. Үшарал қаласының орталық қазандығы мен Қант зауыты ауылындағы кіші қазандық арқылы тұтынушыларға, оның ішінде мемлекеттік нысандар, жеке және көп қабатты тұрғын үйлер мен басқа да заңды тұлғаларға жылу жүйелері арқылы орталықтандырылған жылу жүйесін таратады.