Петропавл қаласы әкімдігінің «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
Құрметті әріптестер!
2026 жылғы 26 маусымда Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша ашық талқылау өтетінін хабарлаймыз»
Іс-шара барысында келесі мәселелер ұсынылатын болады;
Жүргізілген талдаудың мақсаттары мен міндеттері;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау нәтижелері;
Анықталған тәуекелдерді азайту және алдын алу жөніндегі ұсыныстар;
Комплаенс қызметкері
Шаяхметов А.Т.
Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК-мен (бұдан әрі – Кәсіпорын) бірлесіп Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша 17 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, ішкі процестерді жетілдіруге, қаржы-шаруашылық қызметтің ашықтығын арттыруға және ішкі бақылау жүйесін күшейтуге бағытталған 26 ұсыным әзірленді.
Талдау барысында нормативтік және ішкі реттеу, персоналды басқару, біліктілік талаптарын сақтау, қызметтік іссапарларды ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алу, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және оларды сыйақыландыру, ақылы қызметтердің құнын қалыптастыру, материалдық құндылықтарды сақтау және есепке алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Персоналды басқару саласында қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, лауазымдық өкілеттіктерді ажырату және біліктілік талаптарын белгілеу кезінде жекелеген кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ өндірістік персоналға біліктілік емтихандарын өткізу және разрядтар беру тәртібін бағалау нәтижелерінің ашық тіркелуін қамтамасыз ете отырып жетілдіру қажеттілігі белгіленді.
Талдаудың елеулі бөлігі Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне арналды. Қаржылық жоспарлауға, тариф қалыптастыруға, шаруашылық операцияларды құжаттамалық растауға, шарттардың орындалу ашықтығына және бастапқы құжаттаманың сақталуына байланысты тәуекелдер анықталды. Ішкі бақылауды күшейту, қаржылық операциялардың қадағалануын қамтамасыз ету және қабылданатын шешімдердің негізділігін арттыру жөніндегі шаралар ұсынылды.
Мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жеке назар аударылды. Су бұру арықтарын ағымдағы жөндеуге қатысты құжаттарды зерделеу барысында нақты орындалған жұмыс көлемін және сатып алынған материалдардың пайдаланылуын растауға бақылауды күшейту қажеттілігі анықталды. Жұмыстардың орындалуын құжаттамалық қадағалауды қамтамасыз ету және растайтын құжаттардың толық топтамасы болмаған жағдайда орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға жол бермеу ұсынылды.
Ақылы қызметтер көрсету саласында олардың құнын қалыптастыру, келісу және қайта қарау тәртібінің жеткіліксіз регламенттелгені анықталды. Қызметтер құнын міндетті экономикалық негіздеуді, калькуляциялар жасауды және уәкілетті органмен келісуді көздейтін бірыңғай есептеу тәртібін белгілеу ұсынылды.
Сонымен қатар қызметкерлерді сыйақыландыру жүйесінде және материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруда жекелеген тәуекелдер анықталды. Ұсынымдар ынталандыру төлемдерін тағайындаудың объективті өлшемшарттарын белгілеуге, мүлікті беру мен сақтауды тиісті құжаттамалық ресімдеуге, сондай-ақ оның сақталуына бақылауды күшейтуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс шеңберінде Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ қызметкерлерді оның талаптарымен таныстыруды қамтамасыз ету қажеттілігі анықталды.
Сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, ұйымдастырушылық және қаржылық процестерді жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу мен ақылы қызметтердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ ішкі бақылауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар енгізілді.
Петропавл қаласы әкімдігінің
«Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
2026 жылғы 08 маусым мен 2026 жылғы 30 маусым аралығында Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК-де (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
тазарту құрылыстарын күтіп ұстау және қызмет көрсету;
су тарту және су өткізу құрылыстарын күтіп ұстау және қызмет көрсету;
дренаждық құдықтарға қызмет көрсету және жөндеу;
жаңбыр және дренаж желілеріне қызмет көрсету;
сорғы станцияларын күтіп ұстау және пайдалану;
су тасқыны, жаңбыр және жер асты суларын сорып шығару және тасымалдау;
Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 25 маусымда Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш ғимараттары» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ашық талқылау өтетінін хабарлаймыз»
Іс-шара барысында келесі мәселелер ұсынылатын болады;
Жүргізілген талдаудың мақсаттары мен міндеттері;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау нәтижелері;
Анықталған тәуекелдерді азайту және алдын алу жөніндегі ұсыныстар;
Комплаенс қызметкері
Шаяхметов А.Т.
Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, сутартқыш және суөткізгіш имараттары» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
2025 жылғы 10 маусым мен 30 маусым аралығында «ТССИ» ШЖҚ МКК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. «ТССИ» ШЖҚ МКК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. «ТССИ» ШЖҚ МКК-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Тазартқыш, су бұрғыш және өткізгіш құрылыстары» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
2024 жылғы 01 қазрашадан 2024 жылғы 20 қарашаға дейін «Тазартқыш, су бұрғыш және өткізгіш құрылыстары» ШЖҚ МКК – де (бұдан әрі-Кәсіпоры) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстары» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
Заңды мекенжайы: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 23
тел: 8 (7152) 50-13-51
факс / тел.: 8 (7152) 50-13-51
Кәсiпорын қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:
- тазартқыш имараттарды ұстау және күту;
- сутартқыш және суөткiзгiш имараттарды ұстау және күту;
- дренаждық құдықтарды күтiп ұстау және жөндеу;
- дренаждық және жауын сулары желiлерiн салу;
- жауын сулары және дренаждық желiлердi күтiп ұстау;
- сорғы станцияларын күтiп ұстау және пайдалану;
- тасқын, жаңбыр және жерасты суларын тартып шығару және тасымалдау;
- кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мақсаттарын жүзеге асыруға қажеттi құрылыс-монтаж жұмыстары.