"Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" МКҚК
Халықтың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру. Халық шығармашылығын, этномәдени салт-дәстүрлерді сақтау, насихаттау, оларды қазіргі заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән мен би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру. Ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерттеу, жалпылау, насихаттау, оны енгізу және тарату. Облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау. Этномәдени бірлестіктерді қолдау. Мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған түрлі мәдени акцияларды, бастамаларды қолдау.